22.05.2026, 10:15
Оқылды: 12

Өнерге тағзым: халық театрына Тельман Имашев есімі берілді

Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында Казталов ауданының мәдениет саласында маңызды оқиға орын алды. 

image-22-05-26-09-45

Ауданымыздың халық театрына қазақ сахна өнерінің майталманы, жерлесіміз Тельман Сатқанұлы Имашевтың есімі берілді. Бұл өмірін өнерге арнап, ұлттық мәдениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлғаның еңбегіне көрсетілген зор құрмет.

Тельман Имашев  актерлік шеберлігімен ғана емес, режиссер, мәдениет саласының жанашыры ретінде ел жадында қалған өнер тарланы. Оның сахнадағы жарқын жолы мен мәдениетке қосқан мұрасы енді театр тарихымен бірге жасай бермек.

image-22-05-26-09-45-1

Бұл – бір есімнің театрға берілуі ғана емес, өнерге адалдықтың, талантқа тағзымның және ұлт руханиятына көрсетілген зор құрмет деп білеміз. Тельман Имашевтың жарқын бейнесі мен өнегелі жолы уақыт өткен сайын өз құнын арттыра түсері сөзсіз.

 

Жұлдыз Асқар,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале