2.06.2026, 15:00
Оқылды: 114

Балалардың құқығы мен қауіпсіздігі – қоғам назарында

Ағымдағы жылғы 1 маусымда, Халықаралық балаларды қорғау күнінде Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – облыстық комиссия) бастамасымен және «Цифрлық кеңістіктегі балалар қауіпсіздігі» республикалық тақырыптық онкүндігі аясында «Жазғы кезеңдегі балалар қауіпсіздігі туралы» брифинг өтті.

WhatsApp Image 2026-06-02 at 15.19.25 (1)

Іс-шараға келесі лауазымды тұлғалар қатысты А.Б. Семғалиева – Батыс Қазақстан облысының Балалар құқықтарын қорғау басқармасының басшысы, облыстық комиссия төрағасының орынбасары, Ш.С. Утебәлиева – Батыс Қазақстан облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл, облыстық комиссия мүшесі, О.А. Ибрайымов – Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы, облыстық комиссия төрағасының орынбасары.

WhatsApp Image 2026-06-02 at 15.19.25

Баяндамалардың негізі ретінде «Заң мен Тәртіп» идеологемасы, «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы, «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы және «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының негізгі ережелері басшылыққа алынды.

WhatsApp Image 2026-06-02 at 15.19.25 (2)

Сөз сөйлеушілер негізгі екпінді келесі бағыттарға аударды уәкілетті органдар, қоғам, ата-аналар мен IT-қоғамдастық тарапынан кәмелетке толмағандар үшін қауіпсіз орта қалыптастыру (соның ішінде балалар жарақатының алдын алу, көшеде, демалыс кезінде, жолдарда, үйде, аулалар мен спорт алаңдарында балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету және т.б.), балалардың бойында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту, олардың құқықтық мәдениеті мен цифрлық сауаттылығын арттыру, буллингтің, киберқауіптердің, құқық бұзушылықтардың және өзге де тәуекелдердің алдын алу, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру.

Брифинг барысында дәстүрлі «Қауіпсіз балалық шақ» облыстық акциясының басталуына ерекше назар аударылды.

 

БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале