7.06.2026, 10:00
Оқылды: 27

ҚТЖ жазғы маусымда қосымша төрт тальго пойызын іске қосады

Жазғы демалыс кезеңінде жолаушылар сұранысын қанағаттандыру мақсатында «Жолаушылар тасымалы» АҚ сұранысқа ие бағыттар бойынша  қосымша төрт тальго пойызын жолға шығарады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

QyjeC63cEWGukkTnLUZWn0c5K3CXcROy8JFdHFqZ

Фото: Rail-news.kz

Компания мәліметінше, 2026 жылғы 18 маусымнан бастап қосымша пойыздар Астана – Достық, Алматы – Достық және Алматы – Семей бағыттарында қатынайды. Бұл шешім өңірлер арасындағы көлік қатынасының қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

№254/253 «Нұрлы жол – Достық» пойызы 22 маусым мен 31 тамыз аралығында аптасына екі рет – дүйсенбі және бейсенбі күндері қатынайды. Құрамында 27 вагон болады. Пойыз 344 жолаушыға арналған, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы купе қарастырылған.

Ал №211/212 «Алматы-2 – Достық» пойызы 20 маусымнан 30 тамызға дейін тақ күндері қатынайды. Құрамында 23 вагон бар, жалпы сыйымдылығы – 326 орын.

№207/208 «Алматы-2 – Достық» бағыты бойынша тағы бір қосымша пойыз 19 маусым мен 29 тамыз аралығында жұп күндері жүреді. Оның құрамында 22 вагон қарастырылған және 288 жолаушыны тасымалдай алады.

Сондай-ақ 18 маусымнан бастап №231/232 «Алматы-2 – Семей» пойызы іске қосылады. Ол 30 тамызға дейін күн ара, яғни жұп күндері қатынайды. Құрамында 22 вагон бар пойыз 288 жолаушыға есептелген.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале