Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен елімізде «Жанұя жолы – Путь семьи» жобасы жүзеге асырылып келеді. Жоба отбасы институтын нығайтуға, жауапты ата-ана мәдениетін қалыптастыруға және отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталған.

2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қарағанды, Ақмола, Алматы облыстары мен Алматы қаласында 60 іс-шара ұйымдастырылып, оған 2 мыңнан астам адам қатысты. Атап айтқанда, ата-аналарға, педагогтарға және отбасымен жұмыс істейтін мамандарға арналған семинарлар, тренингтер, тәжірибелік сабақтар мен кездесу алаңдары өтті.
Маусым айында өткен «Отбасы институты: диалог, серіктестік, даму» халықаралық форумы да жоба аясындағы маңызды іс-шаралардың бірі болды. Форум мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың және сарапшылар қауымдастығының 200-ге жуық өкілінің басын қосып, жиында отбасы институтын нығайтудың заманауи тәсілдері мен үздік тәжірибелерін талқыланды.
Жоба аясында отбасы құндылықтарын дәріптеуге басымдық беріледі. Осы мақсатта еліміз бойынша «Ата-анамның мамандығындағы бір күн» онлайн-акциясы ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Анамның алақаны» республикалық фотобайқауы өтті.
Жобаның шеңберінде ата-аналарға арналған ataana.kz платформасының мазмұны жаңартылды. Сайтта енді бала тәрбиесіне қатысты пайдалы кеңестер, әдістемелік материалдар мен ұсынымдар топтастырылған. Бұдан бөлек, жоба аясында ата-аналар мен педагогтарға арналған 20 әдістемелік құрал әзірленді.
«Жанұя жолы – Путь семьи» жобасын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Senim Qogamy қоғамдық қоры жүзеге асырып келеді. Жоба жылдың соңына дейін жалғасады.