8.07.2026, 16:30
Оқылды: 9

Жыл басынан бері «Жанұя жолы – Путь семьи» жобасына 2 мыңнан астам адам қатысты

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен елімізде «Жанұя жолы – Путь семьи» жобасы жүзеге асырылып келеді. Жоба отбасы институтын нығайтуға, жауапты ата-ана мәдениетін қалыптастыруға және отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталған.

_gluster_2026_7_8_7614569b161eb43ea3d17e77decf41f3_1280x720

2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қарағанды, Ақмола, Алматы облыстары мен Алматы қаласында 60 іс-шара ұйымдастырылып, оған 2 мыңнан астам адам қатысты. Атап айтқанда, ата-аналарға, педагогтарға және отбасымен жұмыс істейтін мамандарға арналған семинарлар, тренингтер, тәжірибелік сабақтар мен кездесу алаңдары өтті.

Маусым айында өткен «Отбасы институты: диалог, серіктестік, даму» халықаралық форумы да жоба аясындағы маңызды іс-шаралардың бірі болды. Форум мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың және сарапшылар қауымдастығының 200-ге жуық өкілінің басын қосып, жиында отбасы институтын нығайтудың заманауи тәсілдері мен үздік тәжірибелерін талқыланды.

Жоба аясында отбасы құндылықтарын дәріптеуге басымдық беріледі. Осы мақсатта еліміз бойынша «Ата-анамның мамандығындағы бір күн» онлайн-акциясы ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Анамның алақаны» республикалық фотобайқауы өтті.

Жобаның шеңберінде ата-аналарға арналған ataana.kz платформасының мазмұны жаңартылды. Сайтта енді бала тәрбиесіне қатысты пайдалы кеңестер, әдістемелік материалдар мен ұсынымдар топтастырылған. Бұдан бөлек, жоба аясында ата-аналар мен педагогтарға арналған 20 әдістемелік құрал әзірленді.

«Жанұя жолы – Путь семьи» жобасын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Senim Qogamy қоғамдық қоры жүзеге асырып келеді. Жоба жылдың соңына дейін жалғасады.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале