13.07.2026, 11:00
Оқылды: 25

Air Astana Дубайға тағы бірнеше рейсті тоқтатты

Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Air Astana әуе компаниясы Біріккен Араб Әмірліктеріне бірқатар рейсті уақытша тоқтатты - деп жазды baq.kz. 

Passenger airplane landing at dusk

Сурет: istockphoto.com

Компанияның мәліметінше, 13 және 14 шілдеге жоспарланған KC897/898 Алматы – Дубай – Алматы рейстері, сондай-ақ 14 шілдеге жоспарланған KC205/206 Астана – Дубай – Астана рейстері орындалмайды.

Рейстері тоқтатылған жолаушылар билеттерінің толық құнын сатып алған орны арқылы қайтара алады немесе 12–18 шілде аралығына жоспарланған сапарларын 31 шілдені қоса алғанға дейін қосымша ақысыз басқа күнге ауыстыру мүмкіндігіне ие.

Air Astana рейстер кестесіндегі ықтимал өзгерістер туралы қосымша хабарлайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ компания Таяу Шығыстағы жағдайды жіті бақылап, жолаушыларды қайтару жұмыстарын жүргізіп жатқанын атап өтті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале