17.07.2026, 11:30
Оқылды: 10

Мәдениет, креативті индустрия және жастар саясаты

Барлық 20 өңірде креативті хабтар іске қосылды. Бүгінде бұл секторда 46,4 мың компанияның құрамында 156,7 мың адам жұмыспен қамтылған. Қазақстан WIPO рейтингінде креативті тауарлар мен қызметтер бойынша 65-орыннан 61-орынға, ал киноөндіріс бойынша 31-орыннан 29-орынға көтерілді. Креативті индустрияларды қолдау қоры іске қосылды. Оның мақсаты – 2029 жылға қарай сектордың жалпы ішкі өнімдегі үлесін 2%-ға, экспорт көлемін $115 млн-ға, бизнес субъектілерінің санын 60 мыңға, ал жұмыспен қамтылғандар санын 180 мың адамға жеткізу, - деп жазады primeminister.kz

novaya-zagl-3-1

Сонымен қатар тарихи-мәдени мұраны ілгерілету жұмыстары жалғасуда. ЮНЕСКО-ға «Үстірт: ландшафттар және аңшылық тор-тұзақтар» номинациясы ұсынылды, М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрын жаңғырту басталды, сондай-ақ 2026-2028 жылдарға арналған ЮНЕСКО және ИСЕСКО аясындағы мұраны сақтау жөніндегі кешенді жоспар бекітілді. Отандық шығармашылық ұжымдардың Сингапур, Вена, Бейжің және Анталия қалаларында гастрольдері өтті, ал Алматы қаласында мәдениет қайраткерлеріне 60 пәтер берілді.

Еліміздің 5,8 млн жас азаматының өмірге сенімді қадам басуына қолайлы жағдай жасалуда. 389,3 млрд теңге бюджетімен «Наурыз», «Отау» және «Наурыз жұмыскер» бағдарламалары арқылы 14 635 жас жеңілдетілген тұрғын үйге қол жеткізді. Жастар арасындағы жұмыссыздықпен күрес «Jol Tap», «Jumys Tap» және «Talaptan» жобалары арқылы жүргізілуде. Қазақстан халықаралық аренадағы ұстанымын да нығайтып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен БҰҰ ағымдағы жылды Халықаралық еріктілер жылы деп жариялады. Бүгінде елімізде 810 волонтерлік ұйым жұмыс істейді, олар 300 мың азаматты біріктіреді. Қазақстандық еріктілер Кения, Түркия, Таиланд, Аргентина және ҚХР-дағы БҰҰ миссияларына қатысуда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале