20.07.2026, 15:00
Оқылды: 32

Жымпитыда автомобильдерге арналған компрессорлық станция іске қосылды

Сырым ауданының орталығы Жымпиты ауылында автомобильдік газ толтыру компрессорлық стансасы (АГТКС) бар жол бойы сервистік қызмет көрсету кешені пайдалануға берілді.

1fea092e-e2f8-4e13-ac0d-5192a673685b

Нысан республикалық маңызы бар Самара – Шымкент автомобиль жолының бойында «Алаш Метан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бастамасымен салынған. Жобаның жалпы құны 1 миллиард теңгені құрайды.

300498df-941a-44b6-9985-c1d3b7a1f428

Кешен құрамында автомобильдік газ толтыру компрессорлық стансасы, жол бойы сервистік қызмет көрсету пункті, дүкен, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар, жеңіл және жүк көліктеріне арналған автотұрақ, сондай-ақ инженерлік инфрақұрылым мен абаттандыру жұмыстары жүзеге асырылған.

e0f74fcc-4e0d-4012-a8de-826e31c1cc16

Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 21 миллион текше метрге дейін сығылған табиғи газ өндіруге мүмкіндік береді. Жобаның іске қосылуымен 14 тұрақты жұмыс орны ашылып, өңір тұрғындарын жұмыспен қамтуға және аудан экономикасының дамуына үлес қосады.

b5356e00-93ad-4522-adc3-cbc8b6328b7c

Заманауи компрессорлық жабдықтар автокөліктерді сығылған табиғи газбен қауіпсіз әрі үздіксіз қамтамасыз етуге арналған. Сонымен қатар табиғи газды қозғалтқыш отыны ретінде пайдалану қоршаған ортаға тарайтын зиянды шығарындыларды азайтып, транзиттік көліктерге көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

5f5740a4-3218-4849-b3ce-c7e45a85e4b8

Ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Мирас Мүлкай, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Азат  Абайдильдин, «Алаш Метан» ЖШС құрылтайшысы Болат  Бушанов және «Алаш» құрылыс компаниясы ЖШС директоры Исатай Темірбаев және Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов қатысып, құттықтау сөзін сөйледі.

fccfb644-5e07-4644-ba8e-5172a1f45c9a

Салтанатты рәсім барысында құрметті қонақтар автомобильдік газ толтыру компрессорлық стансасын жауып тұрған арнайы жабындыны ашып, нысанды ресми түрде іске қосты. Одан кейін жаңа кешеннің жұмысымен және инфрақұрылымымен танысты.

2e3a9057-8f4e-4400-852d-107039904375

Шара соңында Жымпиты ауылының ақсақалы Сағынғали Айтанов ақ батасын беріп, жаңа кәсіпорынның ел игілігіне қызмет етіп, берекелі жұмыс істеуіне тілектестік білдірді.

 

Қоңдыкер Жеңісұлы,

Сырым ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале