21.08.2026, 14:30
Оқылды: 15

БҚО-да ауласына қарасора өсірген тұрғын ұсталды

Батыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері "Қарасора-2026" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында есірткі құралдарын заңсыз өсіру, сақтау және таратудың фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша жұмыстарды жалғастыруда, - деп хабарлайды Polisia.kz.

a6037327-af99-4c32-8107-87e7c7024516

ЖПІШ барысында полицейлер 36 жастағы ер адамды ұстады. Оның тұрғылықты жерін санкцияланған тінту жүргізу кезінде үйінің аумағында өсірілген қарасора тектес өсімдіктердің үш түбі анықталып, тәркіленді. Сонымен қатар, ауладағы гараждан кептірілген қарасора тектес өсімдіктердің жапырақтары салынған үш қағаз орама, шегуге арналған төрт құрал, сондай-ақ сора тектес өсімдіктердің металл ыдыста сақталған тұқымдары табылып, тәркіленді.

Ер адамның өсімдіктерді өз үйінің ауласында өсіргені анықталды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Полиция азаматтарға есірткі құралдарын заңсыз өсіруге, сақтауға және таратуға жол берілмейтінін ескертеді және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға шақырады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале