Бүгін Жаңақала ауылдық округіндегі №113 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлау басталды.

06:30-та дауыс жинайтын тұрақты және тасымалданатын жәшіктер пломбаланып, 07:00-де мемлекеттік Әнұран шырқалып, дауыс беру басталды.

Учаске есігі ашылысымен алғашқы сайлаушы Аңсарбек Дәулетияров келіп, өз саяси таңдауын жасап, дауыс берді. Учаске бойынша 1696 сайлаушы тізімге енген.
Райхан Хамзина,
Жаңақала ауданы