23.08.2026, 7:15
Оқылды: 67

Жаңақала ауылдық округінде алғашқы сайлаушы өз таңдауын жасады

Бүгін Жаңақала ауылдық округіндегі №113 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлау басталды.

IMG_7483 (1)

06:40-та дауыс жинайтын тұрақты және тасымалданатын жәшіктер пломбаланып, 06:50-де учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы саяси науқанды ашық деп жариялады. Сондай-ақ көк туымыз көтеріліп, ҚР мемлекеттік Әнұраны шырқалды.

IMG_7502

07:00-де дауыс беру басталды. Учаске есігі ашылысымен алғашқы сайлаушы Аңсарбек Дәулетияров келіп, өз саяси таңдауын жасап, дауыс берді. Учаске бойынша 1696 сайлаушы тізімге енген.

Райхан Хамзина,

Жаңақала ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале