23.08.2026, 7:50
Оқылды: 28

Бөкей ордасында сайлау белсенді басталды

Аудан орталығындағы мәдени демалыс орталығында орналасқан N53 сайлау учаскесінде дауыс беру науқаны елең-алаңнан басталды.

IMG-20260823-WA0024

Алдымен бюллетень салынатын жәшіктің бекітпе мөрлері (пломбы), дауыс беру кабиналарының жағдайлары тағы бір мәрте тексеріліп, дайындық соңғы рет пысықталды.

Таңғы 07:00-де учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Қуаныш Елеуов сайлау науқанын ашық деп жариялады.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеген Арыстанбеков:

IMG_20260823_064452

-  Құрылтай сайлауы - еліміздің бірлігін, бір ту астында бір мүддемен тірлік етіп жатқан Қазақстан халқының азаматтық белсенділігін танытатын саяси науқан. Ауылдастарымды осы саяси маңызды күнде белсенді болуға шақырамын, - деді өз сөзінде.

Сайлаудың алғашқы сағаттарында ауысыммен жұмыс жасайтын азаматтарымыз бен шекарашыларымыз  өз таңдауын жасады.

IMG_20260823_064509

Аталған учаскесінде  1261 азамат дауыс беруге құқылы.
Сайлаушылар өз аумағындағы учаскелерге барып, сағат 20.00-ге дейін дауыс бере алады.

Айта кетсек, Бөкей ордасы ауданы бойынша 22 сайлау учаскесі жұмыс жасайды. 8650 сайлаушы тізімге алынған.

Анар Артықбай 

Бөкей орда ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале