
Алдымен бюллетень салынатын жәшіктің бекітпе мөрлері (пломбы), дауыс беру кабиналарының жағдайлары тағы бір мәрте тексеріліп, дайындық соңғы рет пысықталды.
Таңғы 07:00-де учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Қуаныш Елеуов сайлау науқанын ашық деп жариялады.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеген Арыстанбеков:

- Құрылтай сайлауы - еліміздің бірлігін, бір ту астында бір мүддемен тірлік етіп жатқан Қазақстан халқының азаматтық белсенділігін танытатын саяси науқан. Ауылдастарымды осы саяси маңызды күнде белсенді болуға шақырамын, - деді өз сөзінде.
Естеріңізге сала кетсек, Бөкей ордасы ауданында сайлаушылар үшін 386 учаске жұмыс істеп жатыр. Вахталық әдіспен жұмыс істейтін мекемелер мен әскери бөлімшелердегі 6 учаскеде дауыс беру таңғы сағат 6.00-де басталды. Оның 5-еуі – кен орындарында, 1-еуі – әскери бөлімде орналасқан.
Сайлаудың алғашқы сағаттарында ауысыммен жұмыс жасайтын азаматтарымыз бен шекарашыларымыз өз таңдауын жасады.

Аталған учаскесінде 1261 азамат дауыс беруге құқылы.
Сайлаушылар өз аумағындағы учаскелерге барып, сағат 20.00-ге дейін дауыс бере алады.
Айта кетсек, Бөкей ордасы ауданы бойынша 22 сайлау учаскесі жұмыс жасайды. 8650 сайлаушы тізімге алынған.
Анар Артықбай
Бөкей орда ауданы