23.08.2026, 8:00
Оқылды: 28

Тасқала ауданында Айтмукашевтар отбасы №329 сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып дауыс берді

№329 сайлау учаскесінде саяси науқан ресми түрде басталғаннан кейін аудан тұрғындары Айтмукашевтар отбасы алғашқы болып дауыс берді.
image-23-08-26-07-57
Алғашқы болып дауыс берген тұрғын бұл науқанның ел болашағы үшін маңызды екенін атап өтіп, барша азаматтарды азаматтық ұстаным танытып, дауыс беруге шақырды.
 – Елімізде өтіп жатқан маңызды саяси науқандарға үнемі қатысып келемін. Бүгін де өз азаматтық борышымды орындап, конституциялық құқығымды пайдаландым. Әрбір дауыс – мемлекетіміздің болашағына қосылған үлес. Сондықтан барша жерлестерімді сайлауға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырамын, – деді ауданның белсенді тұрғындары.
Бактыгүл Шотанова,
Тасқала ауданы 
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале