№329 сайлау учаскесінде саяси науқан ресми түрде басталғаннан кейін аудан тұрғындары Айтмукашевтар отбасы алғашқы болып дауыс берді.
Алғашқы болып дауыс берген тұрғын бұл науқанның ел болашағы үшін маңызды екенін атап өтіп, барша азаматтарды азаматтық ұстаным танытып, дауыс беруге шақырды.
– Елімізде өтіп жатқан маңызды саяси науқандарға үнемі қатысып келемін. Бүгін де өз азаматтық борышымды орындап, конституциялық құқығымды пайдаландым. Әрбір дауыс – мемлекетіміздің болашағына қосылған үлес. Сондықтан барша жерлестерімді сайлауға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырамын, – деді ауданның белсенді тұрғындары.
Бактыгүл Шотанова,
Тасқала ауданы