23.08.2026, 8:10
Оқылды: 27

№278 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды

Бүгін Қаратөбе ауданының орталығындағы Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің ғимаратында орналасқан 278 сайлау учаскесінде Құрылтай депутаттарын сайлауы таңғы сағат 7-де басталды.

IMG_1745

Ең алдымен еліміздің гимні орындалды. Сайлаудың ашылу салтанатын учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Айбат Омаров алғысөзімен ашып, учаскеде дауыс беру басталғанын жариялады.

IMG_1756

№278 Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Айбат Шайжанұлының айтуынша учаскеге 1023 сайлаушы тіркелген.

№278 Сайлау учаскесіне келіп ең бірінші дауыс берген ауыл тұрғыны Алмагүл Рахметоваға учаскелік комиссия төрағасы Айбат Омаров сыйлық табыстады.

IMG_1760

Таңнан бастап-ақ учаскеге келген  дауыс берушілердің қарасы көбейе бастады. Сайлаушылардың дауыс беруі қарқынды жүріп жатыр. «Дауыс» және «Мұхит жастары» қоғамдық бірлестігінен байқаушылар қатысуда.

                                                                                                           Ерболат РАЙСОВ

                                                                                                            Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале