Бүгін Қаратөбе ауданының орталығындағы Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің ғимаратында орналасқан № 278 сайлау учаскесінде Құрылтай депутаттарын сайлауы таңғы сағат 7-де басталды.

Ең алдымен еліміздің гимні орындалды. Сайлаудың ашылу салтанатын учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Айбат Омаров алғысөзімен ашып, учаскеде дауыс беру басталғанын жариялады.

№278 Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Айбат Шайжанұлының айтуынша учаскеге 1023 сайлаушы тіркелген.
№278 Сайлау учаскесіне келіп ең бірінші дауыс берген ауыл тұрғыны Алмагүл Рахметоваға учаскелік комиссия төрағасы Айбат Омаров сыйлық табыстады.

Таңнан бастап-ақ учаскеге келген дауыс берушілердің қарасы көбейе бастады. Сайлаушылардың дауыс беруі қарқынды жүріп жатыр. «Дауыс» және «Мұхит жастары» қоғамдық бірлестігінен байқаушылар қатысуда.
Ерболат РАЙСОВ
Қаратөбе ауданы