23.08.2026, 10:30
Оқылды: 25

Тасқала ауданында жас қатысушы өз таңдауын жасады

Тасқала ауданының Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-гимназиясы ғимаратында орналасқан №329 сайлау учаскесінде ең жас қатысушылардың бірі алғаш рет дауыс беру құқығын пайдаланды.
image-23-08-26-10-13
Петр Удут  бүгінгі маңызды саяси науқанға алғаш рет қатысып, өз таңдауын жасады. Ол үшін бұл күннің маңызы ерекше екенін айтып, азаматтық борышын орындауға мүмкіндік туғанына қуанышты екенін жеткізді.
 – Бұл – мен үшін тарихи әрі жауапты сәт. Әрбір азамат елдің болашағына қатысты маңызды шешімдерге өз үлесін қосуы керек деп есептеймін. Сондықтан алғаш рет дауыс беру құқығымды пайдаланып, өз таңдауымды жасадым, – деді жас қатысушы.
 Жас сайлаушының белсенділігі өскелең ұрпақтың ел тағдырына бейжай қарамайтынын, қоғамдық-саяси өмірге жауапкершілікпен қарайтынын көрсетеді.
Бақтыгүл Жұмагелдіқызы,
Тасқала ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале