Тасқала ауданының Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-гимназиясы ғимаратында орналасқан №329 сайлау учаскесінде ең жас қатысушылардың бірі алғаш рет дауыс беру құқығын пайдаланды.
Петр Удут бүгінгі маңызды саяси науқанға алғаш рет қатысып, өз таңдауын жасады. Ол үшін бұл күннің маңызы ерекше екенін айтып, азаматтық борышын орындауға мүмкіндік туғанына қуанышты екенін жеткізді.
– Бұл – мен үшін тарихи әрі жауапты сәт. Әрбір азамат елдің болашағына қатысты маңызды шешімдерге өз үлесін қосуы керек деп есептеймін. Сондықтан алғаш рет дауыс беру құқығымды пайдаланып, өз таңдауымды жасадым, – деді жас қатысушы.
Жас сайлаушының белсенділігі өскелең ұрпақтың ел тағдырына бейжай қарамайтынын, қоғамдық-саяси өмірге жауапкершілікпен қарайтынын көрсетеді.
Бақтыгүл Жұмагелдіқызы,
Тасқала ауданы