Жаңақала ауданында маңызды саяси науқанда азаматтық белсенділік танытқандардың бірі – 90 жастан асқан ғасыр куәгері, ардақты анамыз. Жасы тоқсанды алқымдаса да ел болашағына бей-жай қарай алмаған анамыз сайлау учаскесіне арнайы келіп, өз таңдауын жасады.
Елдің амандығы мен тыныштығын тілеген Зілиха Қараш дауыс беру процесін ұйымдастырып отырған комиссия мүшелері мен байқаушыларға ақ тілегін білдіріп, жүрекжарды батасын да берді. Тоғыз онжылдықты еңсерген ананың бұл қадамы – жиналған көпшілікке ерекше рух сыйлап, ұрпаққа үлкен өнеге болды.
Айгерім Төлепова,
Жаңақала ауданы