23.08.2026, 10:40
Оқылды: 16

Батаменен ел көгерер

Жаңақала ауданында маңызды саяси науқанда азаматтық белсенділік танытқандардың бірі – 90 жастан асқан ғасыр куәгері, ардақты анамыз. Жасы тоқсанды алқымдаса да ел болашағына бей-жай қарай алмаған анамыз сайлау учаскесіне арнайы келіп, өз таңдауын жасады.
c1382177-68c7-496d-9bdf-28238862bd3c
Елдің амандығы мен тыныштығын тілеген  Зілиха Қараш  дауыс беру процесін ұйымдастырып отырған комиссия мүшелері мен байқаушыларға ақ тілегін білдіріп, жүрекжарды батасын да берді. Тоғыз онжылдықты еңсерген ананың бұл қадамы – жиналған көпшілікке ерекше рух сыйлап, ұрпаққа үлкен өнеге болды.
Айгерім Төлепова,
Жаңақала ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале