1.09.2026, 16:15
Оқылды: 17

Тасқалада Айнабұлақ ауылының тұрғындары қос қуанышқа кенелді

Тасқала ауданы,  Мерей ауылдық округіне қарасты Айнабұлақ ауылының тұрғындары үшін бұл күннің орны бөлек. Бір күнде ауыл өміріндегі екі бірдей маңызды нысанның игілігін көру - елді мекеннің әлеуметтік дамуына жасалып жатқан нақты қадамның көрінісі. Айнабұлақ негізгі мектебінің жаңа ғимараты пайдалануға берілсе,  ауыл тұрғындарына жаңа баспананың кілті табысталды.

Айнабұлақ баспана табысталды (5)

Жаңа тұрғын үйлер әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында салынған. Мемлекет тарапынан халықтың тұрмыс сапасын арттыруға, азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар Тасқала ауданында да жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.

Қазіргі таңда аудан бойынша тұрғын үй кезегінде 760 - қа жуық азамат тұр. Оның ішінде 300 - ге жуық тұрғын әлеуметтік осал санатқа жатады. Осыған байланысты халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Атап айтқанда, 2025 жылы аудан бойынша 40-қа  жуық тұрғын үй салынды. Биыл да бұл бағыттағы  жұмыстар қарқынды жүргізіледі. Сонымен қатар апатты деп танылған  26 тұрғын  үй бой көтеріп, халық игіліне берелетін болады.

Салтанатты шараға облыстық маслихат төрағасы Мұрат Мұқаев, аудан әкімі Талғат Шакиров, облыстық маслихат депутаты Нұртай Жұмашев, аудандық маслихат төрағасы Жанар Бисенғалиева, ауыл тұрғындары мен ардагерлер қатысты.

Жиында алғашқы сөз алған облыстық маслихат төрағасы Мұрат Мұқаев ауыл тұрғындарын қуаныштарымен құттықтады.

Айнабұлақ баспана табысталды (7)

- Қай кезде де, қай заманда да мемлекет тарапынан ауылдарға, оның ішінде шағын елді мекендерге жаңа тұрғын үйлердің салынуы - үлкен қуаныш. Бүгін ауылымызда екі мереке қатар келіп отыр. Бұл - Президентіміздің ауылға деген қамқорлығының нақты көрінісі. Облысымызда төрт жүзге жуық елді мекен бар. Осындай игі жұмыстар еліміздің Тәуелсіздігі, елдің ауызбіршілігі мен бірлігінің арқасында жүзеге асып келеді. Сондықтан жаңа қоныстарыңыз құтты болсын, - деді Мұрат Рахметұлы.

Айнабұлақ баспана табысталды (4)

Жиын барысында жаңа пәтер иесі Айгүл Нуретоваға да сөз берілді. Ол жаңа баспанаға ие болғанына қуанышын білдіріп, ризашлығын білдірді.

- Бүгін мен үшін өте қуанышты күн. Көптен күткен баспанаға қол жеткізіп, жаңа үйдің кілтін алып отырмын. Бұл мен үшін үлкен қуаныш әрі жаңа өмірдің бастауы. Осындай мүмкіндік жасап, халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстарды атқарып жатқан мемлекетімізге, облыс және аудан басшылығына алғысымды білдіремін, - деді Айгүл Абдуғалиқызы.

Гүлмира Серікқалиқызы

Тасқала ауданы

Айнабұлақ баспана табысталды (3) Айнабұлақ баспана табысталды (2)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале