1.09.2026, 19:00
Оқылды: 16

ҚТЖ жаңа маусымның алғашқы миллион тонна астығын тасымалдады

​«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, компания тамыз айында 1 157 мың тонна астық тасымалдап, жаңа маусымның алғашқы миллиондық межесін егін жинау науқанының басында-ақ бағындырды.

InShot_20260901_185414307

Фото: PR_KTZh

Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35%-ға жоғары (16,3 мыңнан астам вагон).

​Астық экспорты 46%-ға артып, 895 мың тоннаны құраса, ішкі нарыққа 262 мың тонна жеткізілді. Негізгі өсім Орталық Азия елдеріне (45%), Қытайға (2 еседен астам) және Ауғанстанға (3 еседен астам) жөнелтілімдер есебінен байқалды. ҚТЖ қажетті вагон паркімен қамтамасыз етілген және тасымалдау процесін жедел штаб арқылы тұрақты бақылауда ұстап отыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале