«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, компания тамыз айында 1 157 мың тонна астық тасымалдап, жаңа маусымның алғашқы миллиондық межесін егін жинау науқанының басында-ақ бағындырды.

Фото: PR_KTZh
Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35%-ға жоғары (16,3 мыңнан астам вагон).
Астық экспорты 46%-ға артып, 895 мың тоннаны құраса, ішкі нарыққа 262 мың тонна жеткізілді. Негізгі өсім Орталық Азия елдеріне (45%), Қытайға (2 еседен астам) және Ауғанстанға (3 еседен астам) жөнелтілімдер есебінен байқалды. ҚТЖ қажетті вагон паркімен қамтамасыз етілген және тасымалдау процесін жедел штаб арқылы тұрақты бақылауда ұстап отыр.