14.09.2026, 23:30
Оқылды: 6

Ақбұлақ ауылының бірнеше көшесіне жарық шамдары орнатылды

Шыңғырлау ауданына қарасты Ақбұлақ ауылдық округінде тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытындағы абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр.

InShot_20260914_234035029

Ауылдың ажарын кіргізіп, қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында қолға алынған маңызды шаралардың бірі – көшелерді жарықтандыру.

​Осы жұмыстар аясында жалпы ұзындығы 2,5 шақырым СИП кабелі тартылып, А. Байтұрсынов, О. Бақтығалиев, М. Мералиев, С. Сейфуллин, Ы. Алтынсарин және М. Өтемісов көшелеріне барлығы 65 жарық шамы орнатылды.

image-14-09-26-10-38 (1)_edit_415586424842403

Ауыл әкімі Мирлан Хамиевтің айтуынша, бұл бастама тұрғындардың ұсыныс-қажеттіліктерін ескере отырып жүзеге асқан.

Жарықтандырылған көшелер елді мекеннің санитарлық-эстетикалық жағдайын жақсартып қана қоймай, кешкі уақыттағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Мұндай игі жұмыстар алдағы уақытта да кезең-кезеңімен жалғасады.

Сара Әділ, 

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале