Шыңғырлау ауданына қарасты Ақбұлақ ауылдық округінде тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытындағы абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр.

Ауылдың ажарын кіргізіп, қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында қолға алынған маңызды шаралардың бірі – көшелерді жарықтандыру.
Осы жұмыстар аясында жалпы ұзындығы 2,5 шақырым СИП кабелі тартылып, А. Байтұрсынов, О. Бақтығалиев, М. Мералиев, С. Сейфуллин, Ы. Алтынсарин және М. Өтемісов көшелеріне барлығы 65 жарық шамы орнатылды.

Ауыл әкімі Мирлан Хамиевтің айтуынша, бұл бастама тұрғындардың ұсыныс-қажеттіліктерін ескере отырып жүзеге асқан.
Жарықтандырылған көшелер елді мекеннің санитарлық-эстетикалық жағдайын жақсартып қана қоймай, кешкі уақыттағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Мұндай игі жұмыстар алдағы уақытта да кезең-кезеңімен жалғасады.
Сара Әділ,
Шыңғырлау ауданы