Қыркүйектің 11-і күні «Охотзоопром» РМКК Батыс өңірлік филиалының басшысы Арман Кожахметов пара алған сәтінде ұсталды. Бұл операцияны ҰҚК облыстық департаменті жүргізген. Ол жөнінде қоғам белсендісі, заңгер Бауыржан Зәки хабарлады.

Сурет: istockphoto.com
«Облыста киіктерді аулауға рұқсат беру үшін кәсіпкерден заңсыз ақшалай сыйақы талап еткен. Ол 5 миллион теңге пара алу үстінде ұсталған», – деп мәлімдеді белсенді.
Айта кетейік, Арман Қожахметов 2020 жылдан бері ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне қарасты өңірлік филиалдың басшысы қызметін атқарып келеді.