18.09.2026, 16:45
Оқылды: 10

Киік қорғаушы қамауға алынды

Қыркүйектің 11-і күні «Охотзоопром» РМКК Батыс өңірлік филиалының басшысы Арман Кожахметов пара алған сәтінде ұсталды. Бұл операцияны ҰҚК облыстық департаменті жүргізген. Ол жөнінде қоғам белсендісі, заңгер Бауыржан Зәки хабарлады.

Two crossbow hunters walk with their backs to the camera along a grassy ridge overlooking a forested mountain range while tracking elk wild game in the Pacific Northwest region of the United States. The man closest to the camera is carrying a crossbow.

Сурет: istockphoto.com

«Облыста киіктерді аулауға рұқсат беру үшін кәсіпкерден заңсыз ақшалай сыйақы талап еткен. Ол 5 миллион теңге пара алу үстінде ұсталған», – деп мәлімдеді белсенді.

Айта кетейік, Арман Қожахметов 2020 жылдан бері ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне қарасты өңірлік филиалдың басшысы қызметін атқарып келеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале