21.09.2026, 21:00
Оқылды: 59

ІІМ: Есірткі қылмыстары үшін 69 жасөспірім ұсталды

Polisia.kz порталының хабарлауынша, елімізде есірткі қылмыстарына қатысты алаңдатарлық дерек тіркеліп, 69 жасөспірімнің ұсталғаны белгілі болды.

Полиция ЖП (жаңа фото) 3

Олардың басым бөлігі, атап айтқанда 40 жасөспірім есірткі өткізгені үшін, 27-сі аса ірі мөлшерде сақтағаны үшін, ал екеуі есірткіні жарнамалағаны үшін ұсталған. Тұтқындалғандардың арасында 52 ұл бала мен 17 қыз бала бар.

Орын алған жағдайға байланысты ІІМ ата-аналарға үндеу жасап, балалардың әлеуметтік желідегі белсенділігіне, бос уақыты мен ортасына бейжай қарамауды ескертті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале