2.10.2026, 10:00
Оқылды: 15

Бөкей ордасындағы ұлы той Хан қорымына тағзым етуден басталды

Бөкей хандығының 225, Хан ордасының 200 және Жәңгір мектебінің 185 жылдығына арналған той Хан қорымына тағзым етуден басталды.

IMG-20261002-WA0009

Хан пантеонында ауыл имамы Мэлс Хамитұлы Құран оқып, жиналған қауым Жәңгір хан рухына тағзым етті. Айта кетсек, бұл тарихи пантеон 1997 жылы салынған. Хан кесенесінің ашылу салтанатына тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев, абыз Әбіш Кекілбаев арнайы келіп, қатысқан еді.

IMG-20261002-WA0019

Хан Ордасы ауылынан шамамен төрт шақырым жердегі тарихи пантеонында  Жәңгір хан, күйші Дәулеткерей Шығайұлы және ғалым-этнограф Мұхамед-Салық Бабажанов кесенелері бар. Пантеон аумағында XIX ғасырдан қалған 500-ден астам құлпытас сақталған.

IMG-20261002-WA0020

Бұл құлпытастар зерттеліп, арнайы еңбектерге енгізілген. Олар Бөкей ордасы дәуіріндегі адамдардың есімдері, әлеуметтік мәртебесі және жерлеу мәдениеті туралы маңызды дерек береді.

"Жайық Пресс"

IMG-20261002-WA0021 IMG-20261002-WA0018 IMG-20261002-WA0016 IMG-20261002-WA0014

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале