9.10.2026, 17:20
Оқылды: 8

Ақсайда грек-рим күресінен республикалық турнир өтіп жатыр

Бөрлі ауданының Ақсай қаласындағы «Қарашығанақ» спорт кешенінде Ұлы Отан соғысының ардагері Күшев Сағынбас Емжанұлын еске алуға арналған грек-рим күресінен жасөспірімдер арасындағы дәстүрлі республикалық турнир өтіп жатыр.

InShot_20261009_171925911

2015 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан дәстүрлі жарыс биыл 11-рет өткізілуде. 2026 жылғы 8–10 қазан күндері өтетін турнирге Ресей Федерациясынан, Тараз қаласынан, Маңғыстау және Атырау облыстарынан, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының аудандарынан 14 команда құрамында 160 спортшы қатысуда.

2012–2013 жылдары туған жасөспірімдер белдесіп, өзара мықтыны анықтап жатыр. Жарыстың негізгі мақсаты – жас балуандардың шеберлігін шыңдау, грек-рим күресін дамыту және ардагер есімін ұлықтау.

InShot_20261009_172026659

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, үздіктер марапатталады.

 

БҚО Спорт басқармасы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале