22.04.2017, 11:12
Оқылды: 76

Оралда тал-терек отырғызылды

received_672296092968478Қалалық мәдени және демалыс саябағында жалпықазақстандық орман алқаптарын отырғызу күніне арналған «Гүлдене бер, туған ел» акциясы өткізілді.


received_10208963210849910Бұндай шара республикамыздың әр өңірлерінде Елбасымыздың бастамасымен «Туған ел» бағдарламасы шеңберінде өткізіліп жатқаны белгілі.

Дәл осындай өңірімізде қолға алынған шараға Батыс Қазақстан облыс әкімі Алтай Көлгінов, қала әкімі Нариман Төреғалиев және өзге де мекеме басшыларымен бірге жастар да қатысып, көшеттер отырғызды.

received_10208963210369898-Шаһарымыз әсем де таза қала болуы үшін осындай игі істерге жұмыла кірісуіміз қажет. Кеше ғана Елбасымыз «Рухани жаңғыруында» айтқандай, патриоттық сезіммен адамдардың бір-біріне көмектесуі арқылы еліне деген көзқарасын жақсартады.

received_10208963210409899Қазіргі таңда өңірімізде, яғни аудандар мен қаламызды қоса алғанда, 50 мыңға жуық тал-терек отырғызатын боламыз. Алдымен жастарға ризашылығымызды білдіреміз.

Еліміздің дамуына өз үлестерін қосып жатқан азаматтарымыз баршылық. Бірлігіміз мықты болса, еліміздің әлі де қарқынды дамитындығына сенім білдіреміз. Сондықтан бүгінгі шараға жиналған ардагерлер мен жастар қауымына рахметімді айтамын, - деді облыс әкімі Алтай Көлгінов.

Темірболат Тоқмамбетов

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале