«Қазгидромет» РМК-ның БҚО бойынша филиалының мәліметі бойынша 2017 жылғы 5 мамырда Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 17-22 м/с-ке дейін күшеюі күтіледі.
Ал Орал қаласында 5 мамырда солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 18 м/с-ке дейін күшеюі күтіледі.
Сондай-ақ тұрғындар арасында төтенше жағдайларға жол бермеу іс-шаралары жүргізілуін, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының, электр және байланыс жүйелерінің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілуін ескертеді.
Төтенше жағдай қаупі төнген жағдайда БҚО ТЖ департаментінің жедел кезекшісіне 51-39-35 (факс), 51-42-22, 112 телефондары арқылы хабарласуын сұрайды.
zhaikpress.kz