Әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына көмек көрсетуге бағытталған «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында облыстық жастар ресурстық орталығының ықпалдастығымен бірнеше баланы мектепке дайындауға мүмкіндік жасалды.
Атап айтсақ, №10 ЖОББМ-нің 10 оқушысына, Круглоозерный кенттік окургінің 10 оқушысына облыстық жастар ресурстық орталығынан қажетті оқу құралдары алып берілсе, көп балалы, аз қамтылған бір отбасының 5 оқушысын «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» арнайы қоры мектепке қажет құрал-жабдықтармен, киім-кешекпен қамтамасыз етті.
zhaikpress.kz