Бүгін Орал қаласындағы Достық үйінде "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" АҚ облыстық филиалының жаңа атау, жаңа маусымының тусаукесері өтті.
Салтанатты шараға арнайы келген "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Серік Егізбаев телеарнаның жаңа маусымдағы тыныс-тіршілігі туралы әңгімелеп, ұсыныс-пікірлерді қабылдауға даяр екендігін айтты.
Өз кезегінде сахнаға көтерілген облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов телеарна ұжымын жаңа маусымның тұсаукесерімен құттықтады.
- Елбасымыз "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасын жариялағалы бері елімізде көптеген жобалар жүзеге асып келеді. Соның бірі де бірегейі - латын әліпбиіне көшу. Бұл - біздің рухани тәуелсіздігіміздің нық белгісі. Біздің телеарнамыз да өңіріміздегі жаңалықтарды дер кезінде таратып, облысымыздың айнасына айналды. Ребрендиг өңірімізге жаңа серпін береді деп сенеміз,- деді Ғабидолла Абдоллаұлы.
"Aqjai'yq" телернасы әр жыл сайын жаңа бағдарлама, тың ізденістерімен көрерменін қуантып келеді. Жаңа маусымда көременге жол тартқан "Ойталқы", "Өскен өңір", т.б бағдарламалары көпшілік көңілінен шығып үлгерді.
Салтанатты шарада сөз алған зиялы қауым өкілдері Ақұштап Бақтыгереева, Бауыржан Ғұбайдуллин, Роза Сыйықова, Мира Шүйіншəлиевалар жаңа атауға ие болған телеарна ұжымына толағай табыстар тіледі.
Гүлжамал Кенжеғалиева
zhaikpress.kz