Батыс Қазақстан облысы жастарының бастамасымен жалпыхалықтық сенбілік аясында«Гүлдене бер, туған ел!» акциясы өтті. Акция Орал қаласында, облыстың аудандарында жəне ауылдық округтерде жастардың қатысуымен өтті.
Батыс Қазақстан облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен бұл шараның негізгі мақсаты - өзіміз тұратын қаламыз бен ауылымызды қоқыстан тазарту, көркейту және абаттандыру.
Орал қаласында өткізілген шараға облыс орталығындағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері мен жастар ұйымдарының белсенділері - барлығы 300-ге тарта жас қатысып, «Қос жауынгер» монументінің айналасын тазалап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
zhaikpress.kz