Жуырда Зеленов ауданында тұңғыш рет тарихи-өлкетану музейі ашылған болатын. Бүгін аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушы А.Көбенов аталған музей директоры міндетін уақытша атқарушы қызметіне тағайындалған Нұржан Дүзбатыровты таныстырды.
Дүзбатыров Нұржан Тоғызбайұлы 1984 жылы 10 тамызда Қаратөбе ауданы, Сулыкөл ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті Экономика және бизнес факультетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.
2007 жылы Зеленов ауданы Переметный жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
2008-2012 жылдары Зеленов ауданы Қасым Аманжолов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
2012-2015 жылдары «Жайық Пресс» ЖШС Зеленов филиалы «Ауыл тынысы» газетінің директор-редакторы;
2015-2017 жылдары «Нұр Отан» партиясы Зеленов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары;
2017-2018 жылдары «Жайық Пресс» ЖШС Зеленов филиалы «Ауыл тынысы» газетінің директор-редакторы қызметін атқарып келді.
zhaikpress.kz