Астана күнін мерекелеуге орай Орал қаласында БҚО Ішкі істер департаменті қауіпсіздік шараларын күшейтеді.
Айта кетейік, Елорданың 20 жылдық мерейтойына байланысты Орал қаласында 15 шақты мәдени шара өткізілмек. Бұл күні қала тұрғындары мен қонақтары Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының амфитеатрында, Достық үйінде, қалалық мәдениет және демалыс саябағында, жастар шығармашылық орталығында өтетін іс-шараларды тамашалай алады.
Мереке күндері тұрғындардың қауіпсіздігі мен тыныштығын жергілік тәртіп сақшылары қамтамасыз ететін болады.
Е.ЕЛЕКЕНОВ
zhaikpress.kz