16.07.2018, 9:18
Оқылды: 106

Сырымдықтардың «Астанаға сəлемі»

IMG-20180714-WA0023Орал қаласында Сырым ауданының көркемөнерпаздары Орал Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай «Астанаға сәлем!» атты концерт берді.


IMG-20180714-WA0036Қаланың жаңа алаңындағы Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының амфитеатрында өткен концертті тамашалауға халық көп жиналды. Көрермендер қатарында облыстық мәдениет басқармасының өкілдері, Сырым ауданы әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов болды.

Syrym concertКонцертті жүргізушілер өнер сәлемін ресми түрде Сырым ауданынан деп емес, әлеуметтік әділеттілік үшін атқа қонған батыр, шешен Сырым батырдың, Алаш қайраткері Жаһанша Досмұхамедовтың, батыр десе батыр, ақын десе ақын Абдолла Жұмағалиевтің, халықтың ақыны Қадыр Мырза Әлидің елінен деп жолдады.

Концертті Б. Жұмағалиева жетекшілік ететін Үлгілі «Жауқазын» би ансамблі «Шалқыма» биімен ашты. Қазақ биінен кейін сахнада қазақтың ұлттық музыкасы салтанат құрды.

Дәстүрлі әншілер Мұхамбет Мамықов пен Армат Алдамжаров жасаған әндер шеруіне тыңдармандар толқындатып қол соқты. Темірлан Жолымбет пен Мейрамбек Ғайниден тартқан күй де қошеметтен құр қалған жоқ.

Syrym concert (2)Әндердің дені негізінен елдің астанасы, тәуелсіздіктің тұмарындай болған Астана қаласына арналды. Аудандық демалыс орталығының әншілері Армат Жұмагелдиев, Гүлдерайым Опағалиева, Алмагүл Жұма, Асылай Әбуғалиева орындаған әндердің мәнінде Астананың тарихтың аманатындай болған құндылық екені, жас қаланың жастар мен болашақтың қаласы екені айтылды.

Бұлардан бөлек ауданның жас әншілері, әсіресе, әнші Еркегүл Өтенғалиеваның оқушылары, аудандық балалар саз мектебіндегі Әсел Бисенғалиева жетекшілік ететін жас пианистер, жас домбырашылар кәсіби өнерпаздармен бірге жоғары деңгейде өнер көрсетті.

Syrym concert (3)Сырымдықтардың концертінінің тағы бір ерекшелігі, әншілердің жанұя болып өнер көрсетуі болды. Шайхиевтердің, Кенжебаевтардың халықтық отбасылық ансамбльдері, Айдарбек және Қалампыр Көлбаевтар өздерінің әдемі әндерін арайлы Астанаға арнады.

Амфитеатрдың көрермендер алаңын толтырған ағайын Сырым ауданындағы әншілердің авторлық туындыларын да жақсы қабылдады. «Ақниет» әжелер алқасының орындауындағы ақын Е. Баймұхамбетовтың сөзіне жазылған «Астана вальсі» әні, Марат Халиоллин, Көпбол Мұхамедов және Сәлімжан Әубәкіров орындаған ақын Бауыржан Халиолланың әні мен сөзіне жазылған «Жымпиты жыры», Бекей Қанатов пен Нұртілеу Болат орындаған Б. Ширмединұлының сөзіне жазылған «Оралымсың менің!» әні кешегі концерттің жаңалықтары болды.

IMG-20180714-WA0023Осы тұста Сырым аудандық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы жанындағы Айнагүл Сарғозиева жетекшілік ететін үлгілі «Аружан» би ансамблі, Гүлшат Нұрмұханова жетекшілік ететін үлгілі «Айналайын» кіші би ансамблі, Бұлдыртыдан келген Жансая Сүндетова жетекшілік ететін «Керім – ай!» би тобы кешке көрік, сахнаға сән бергенін айтып өткен абзал.

Концерттік бағдарламаның мазмұндылығы үшін аудандық демалыс орталығының мәдени-көпшілік шаралар режиссері Айгүл Лұқпанова жұмыстаныпты.

Концерт ҚР Президентінің «Құрмет» грамотасының иегері Төлеген Есмұхановтың орындауындағы «Атамекен» әнімен аяқталды.

zhaikpress.kz

Суреттерді түсірген

Наурызбай ӨМІРЗАҚОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале