7.08.2018, 16:33
Оқылды: 53

Ақжайық ауданында «Жәдігер сыйла!» акциясы өрістейді


Ақжайық аудандық тарихи-өлкетану музейінің экскурсоводы Юлия Нұрланқызының айтуынша, «Жәдігер сыйла!» акциясы аясында осы мекеме қызметкерлері ғылыми ізденістер үшін ауылдарға шығуды жоспарлады.


жәдігер ақжайық

Бұл акция тарихи-мәдени мұраларымызды сақтау мәселесіне қоғам назарын аудара отырып, көпшілік көзінен тасада, елеусіз жатқан құнды жәдігерлерге қайта жан беріп, өңдеп, келешек ұрпаққа табыстау мақсатында ұйымдастырылуда.

Аға ұрпақтың үйлеріндегі маңызы зор жәдігерлерді, ұлтымыздың ірі тұлғаларының бұйымдарын кәсіби тұрғыдан сақтауға жағдай жасау үшін музей қызметкерлері қолдан келгеннің бәрін жүзеге асырып келеді. Мәселен, бұрын қолданыста болған ақшалар, әскери билеттер, 1978 жылдан бергі алғысхаттары, сонымен қатар 1940 жылдан бастау алатын тұрмыстық бұйымдар, көркемөнер және қолөнер бұйымдары, ұлттық киімдер, этнографиялық заттардың біразы жиналды. Жыл соңында комиссиямен ауылдардағы ең құнды деген жәдігерлер анықталып, иелерінің рұқсатымен музей қорына алынады.

Әли АСҚАР,

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале