Орал қалалық халықты жұмыспен қамту орталығында 30 наурыз күні сағат 10.00-ден 13.00-ға дейін атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мәселесі бойынша қабылдау өтеді.
Қабылдау өтетін Орал қаласы халықты жұмыспен қамту орталығының мекенжайы: Құрманғазы көшесі, 173/а.
Қала әкімдігі атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша сұрақтарды бар барша оралдықтарды қабылдауға шақырады.