Нұр-Сұлтанда коронавирус бойынша тағы 14 жаңа науқас тіркелді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгін сіздерге Алматы қаласында қосымша 3 коронавирус жағдайы тіркелгенін жеткіздік. Қазіргі уақытта қосымша Нұр-Сұлтанда 14 жаңа науқас тіркелді. Бұл науқастар тәртіп бойынша карантинге жатқызылып, байланыс жасаған азаматтармен бірге жұмыс жасалды. Барлық байланыстағы адамдар анықталуда», – деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов онлайн форматта өткен баспасөз мәслихатында. Осылайша қауіпті індетпен ауырғандар саны 27-ге жетті. Оның ішінде 16 жағдай – Нұр-Сұлтанда, 11 факті – Алматыда тіркелген. Еске салсақ, бұған дейін коронавирус жұқтырғандар саны 13 адам болғанын хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ Қазақстанда төтенше жағдай жарияланып, азаматтардың 15 сәуірге дейін ел аумағынан шығуына тыйым салынды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына үндеу жолдады.
ҚазАқпарат
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер