8.04.2020, 19:54
Оқылды: 86

Төтенше жағдай кезінде облыс аумағында арнайы қаулы бойынша рұқсат берілген адамдар ғана жүре алады

WhatsApp Image 2020-04-08 at 18.04.21

Бұл жөнінде бүгін БҚО Өңірлік коммуникациялық қызметі ұйымдастырған онлайн брифингте Орал қаласы әкімінің орынбасары  Мирас Мүлкәй айтып өтті.

-Барлығыңызға белгілі Орал қаласына кірер автомобиль жолдарында 9 блокпост орналастырылды. Аталған блокпосттарда қалалық əкімдік қызметкерлері, қорғаныс істері қызметкерлері жəне полиция департаменті қызметкерлері жұмыс атқарып жатыр. Аталған тоғыз блокпост бойынша өткізу режимі арнаулы нұсқау бойынша жүргізілуде. Нақты айтып өтетін болсақ, іргелес жатқан аудандар бойынша өткізілу режимі тиісті тізім арқылы жұмыс жасауда. Өткізу іргелес Теректі мен Бəйтерек аудандары бойынша шаруа қожалықтары, жеке кəсіпкерлердің тізімдері Орал қалалық штабына ұсынылып, аталған тізім əр блокпостқа таратылып, қатаң режим бойынша өткізу жүргізілуде. Бұдан өзге аталған блокпостар бойынша тұрғылықты мекенжайы қала аумағында тіркелген, бірақ жұмыс орны қала əкімшілігінен тыс жерде орналасқан қызметкерлерлерді тұрғылықты мекенжайын тексеру арқылы өткізу жүргізіліп жатыр. Бұдан басқа шалғай ауыл, аудандарда орналасқан кəсіпорындардың жəне шаруа қожалықтарының тізімдері де ұсынылды. Бұл бағыт бойынша да өткізу режимі қадағалануда.

Осы күннен бастап жеке көліктерге де шектеу енгізілуде. Жеке жағдайымен немесе жұмыс барысымен жеке көлікпен көшеге шыққан адамдарға да жоғары да айтып өтілгендей арнайы тізім арқылы тексеріс жүргізіледі. Қазіргі уақытта облыстық жедел штабқа көптеген арыз-шағымдар келіп түсуде. Солардың көбінде: "Неліктен біздің жұмыс жасайтын мекеме, кəсіпорыны тізімге енгізілмеген?", - деген  секілді сұранымдар бар. Негізгі тізімде облыстық басқармалар: денсаулық сақтау басқармасы, құрылыс, автомобиль жолдар басқармасының қызметкерлері бар. Одан кейін өңірді қамтамасыз етуші кəсіпорындар, барлық коммуналдық мекемелер, қала аумағында жұмыс жасап жатырған біріншілікті қажет ететін су, газ, жарық, жылу, тұрмыстық қалдықтар шығару жұмыстары жəне қалаға санитарлық тазалық жүргізу жұмыстарын атқаратын кəсіпорындарға бірінші кезекте аталған рұқсат берілді. Одан өзге қаулыға сəйкес денсаулық сақтау мекемелері олар: дəріханалар, ауруханалар сонымен қатар жол, құрылыс саласы, мемлекеттік құрылысты жүзеге асырушы кəсіпорындардың рұқсаттары бар. Атап өткен жөн, аталған рұқсаттамалардың 10 сəуір күніне дейін күші бар, осы күнге дейін арнаулы сайтқа енгізілуі керек. Қала аумағында берілген рұқсаттамаға сəйкес кəсіпорындарды тіркеу бойынша онлайн режим арқылы жұмыс атқарылып жатыр. Онлайн рұқсатама алу бойынша кəсіпорындардың онлайн тапсырыстары қабылданады. Аталған тапсырыстар турасында мекеме басшысы мөрмен бекітілген жүру кестесін ұсынуы қажет, - деді Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирас Рүстемұлы.

Гүлмира Сәрсенғалиева

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале