8.04.2020, 20:02
Оқылды: 13

Орал қаласында дезинфекциялау жұмыстары күнделікті жүргізілуде

WhatsApp Image 2020-04-08 at 18.04.21

Бүгін БҚО Өңірлік коммуникациялық қызметі ұйымдастырған онлайн брифингте Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәй облыс аумағындағы дезинфекциялық жұмыстардың қарқыны жөнінде сөз етті.

- Облыс аумағындағы жүргізіліп жатырған дезинфекция жұмыстары бойынша айта өтетін болсақ, аталған жұмыстар күнделікті жүргізілуде. Дезинфекциялау жұмыстарында Қорғаныс министрлігі мен төтенше жағдай департаментінің сарбаздары, коммуналдық мекемелелер, "Жайық - таза қала" мекемесі күнделікті жұмыс жүргізуде. Қазіргі күнде қаланың отызға жуық көшесі, тынымбақтар дезинфекциядан өткізілді. Сонымен бірге пəтер иелері кооперативтері бойынша дезинфекция жұмыстары да жасалынуда. Бүгінгі таңда 1232 көпқабатты тұрғын үйдің 900-і дезинфекциядан өткізілді. Қала ішінде алты жүзге жуық контейнерлі алаң бар. Аталған  алаңдарды тазалау жұмыстары өткізіліп, екінші дезинфекциялау жұмыстары басталуда, - деп сөзін түйіндеді Мирас Рүстемұлы.

Гүлмира Сәрсенғалиева

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале