24.05.2016, 17:56
Оқылды: 181

Ақсайда өткен оқу озаттары шеруі

Aksay paradАқсай қаласының жалпы білім беретін №3 мектебінде тұңғыш рет 251 озат оқушыны «Оқудағы үздік жетістігі» үшін  медалымен марапаттаған «Озаттар шеруі-2016»шарасы өтті.


Шараның басты демеушісі КПО б.в. компаниясы болса, шараны үйлестіруші «Жас Дарын» қоғамдық қорының директоры Т.Ищенко болды. Бөрлі ауданының жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы А. Иралиев, осы орталықтың әдіскері Ө.Бисенов, «Тарлан»  жастар бірлестігінің басшысы Е.Кемельханов, Ы.Алтынсарин атындағы ата-аналар қорының құрылтайшысы И. Попова шерудің құрметті қонақтары  ретінде шақырылды.

Ең алғашқы сөзді мектеп директоры Н.Шиганакова алып, оқушыларды оқудағы үздік жетістіктерімен құттықтап, дәл осы қарқынмен мектепті тәмәмдауға тілек білдірді.

Шара барысында озат оқушының әрқайсысының фамилиясы аталып, медаль тағу құрметі шақырылған қонақтарға, сонымен қатар мектебіміздің «Алтын белгіге» үміткері Нажимов Тимур мен 9 сыныпты үздік аттестатқа бітіруге үміткер оқушыларға тапсырылды. Озат оқушылардың құрметіне әсем ән мен ырғақты билер тарту етілді.

Сонымен қатар бастауыш сынып мұғалімі Л.Гайдук озат оқушыларының облыс көлеміндегі жоғары жетістіктері үшін «На вершине олимпа» аталымымен марапатталды.

Шеру соңында жақсы тілектер жаудырылып, «ұрпағымыз білімді, келешегіміз кемелді болсын» деген тілекпен аяқталды.

www.zhaikpress.kz

 Г. Мұрат,

педагог-ұйымдастырушы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале