19.11.2016, 23:46
Оқылды: 41

Ащысай ауылында ауыз суға қатысты ахуал қиын

 kazak-poezd Қарашаның 19-ы күні «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының ғимаратында «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы штабының мүшелері тұрғындарды қабылдады.


  Қоғамдық қабылдауға келгендердің дені тұрғын үй мәселесімен жолықты. Мәселен, Орал қаласының тұрғындары Биғайша Ғаббасова мен Аягөз Даутова әкімдік есепке алған үй кезегіне байланысты түйткілдерді  атап, жаңа баспанаға қол жеткізуге көмектесуді сұрады. Семей полигонының мүгедегі Жұрғали Байғұтиев зейнетақысы күнкөріс қамын толық қамтамасыз етпейтінін айтты. Қабылдауда тұрғындар сауалына «Тәуелсіз пойыз» штабының мүшелері жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесе отырып жауап іздеп, мәселелерді шешу заң талаптары аясында жүзеге асатынын ескертті.

– Бізге жолыққан 16 тұрғынның сегізінің мәселесі кездесу барысында шешімін тапты. Екі мәселе Алматы қаласындағы жұмыс органына жолданады. Қалған түйткілдер жергілікті деңгейде шешілмек. Орал қаласында тұрса да, көпке ортақ мәселені көтерген Зұлқарнай Нұрғазиевтің азаматтық белсенділігіне ризамыз. Зейнеткер Шыңғырлау ауданы, Ащысай ауылын ауыз сумен қамту өте өзекті екендігін, соның салдарынан ауылдан көшіп жатқандардың саны артқанын жеткізді. Бұл мәселені шешуге жергілікті бюджеттен қаржы тарту қарастырылмаған. Енді Үкімет тарапынан зор қолдау керектігі мәлім.  Жалпы барлық өтініштің хаттамаға түсіп, тиісті органдарға жеткізілуін мұқият қадағалайтын боламыз. Сондай-ақ қордаланған мәселелер бірқатар заңнаманы әлі де жетілдіру қажеттігін көрсетті. Бүгінгі шарада штаб мүшелеріне көмектесіп, біраз тұрғынға құқықтық кеңес берген  Орал қаласының прокуроры Айдын Рашидовке алғысымды айтамын, – деді «Тәуелсіз пойыз» штабының басшысы Әміржан Әлпейісов.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале