24.10.2016, 11:26
Оқылды: 60

Болмысы бөлек тұлға

%d1%80%d0%b0%d1%84%d1%85%d0%b0%d1%82-%d1%85%d0%b0%d0%bb%d0%b5%d0%bb%d0%be%d0%b2  Кешегі кеңестік кезеңде кім шаруашылық басқармады? Кім директор, кім колхоз басқармасының төрағасы болмады? Алайда солардың арасында Казталов ауданындағы Ленин атындағы колхозды жиырма жылға жуық басқарған Хакім Хұсайыновтың орны бөлек десе болады.


   Ендеше оның басқару үлгісіне тән басты ерекшеліктерді атай кеткеніміз жөн. Мұның біріншісі, кең ойласаң, кем болмайсың дегендей оның бітім-болмысына тән тереңнен ойлау жүйесі дей аламыз. Мұның өзі сонау сексенінші жылдардың бас кезінде тек бір шаруашылықты ғана емес, тұтас бір Казталов өңірін газдендіруге ықпалын тигізді.

         Сонымен бірге жердің бонитеті мен құнары төмен болғанына қарамастан әр жыл сайын егістіктен мол өнім алды. Бұл көрсеткіш облыстағы ең астықты деген шаруашылықтардан артық болмаса, кем болған жоқ. Хакім Хұсайыновқа тән қасиеттер адамдармен ортақ тіл табысу, оларға ұдайы қамқорлық жасап отыру, ел алдында тұрған мәселелер мен проблемалардың шешімін тез табу, қажет болған жағдайда оны Алматы мен Мәскеудегі орталық органдармен өзара келісіп, үйлестіру болатын.

         Сондай –ақ Хакім Хұсайынов Отан соғысына қатысқан майдангер. Майданнан жеңіспен оралған жеңімпаз жауынгерлеріміздің бірі. Осындай елге еңбегі сіңген тұлғаға туғанына тоқсан жыл толуына байланысты Орал қаласындағы оның тұрған үйіне ескерткіш тақта қойылды. Хакім Хұсайынов 2010 жылы желтоқсан айының басында сексен бес жасқа қараған шағында өмірден озды.

Рафхат Халелов

Фотожурналист

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале