1 тамызда Қазталов аудандық білім беру бөлімімен ұйымдастырған «Мектепке жол» жалпы республикалық ациясының басталуына арналған брифинг өтті. Брифингке Қазталов ауданы әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова мен білім беру бөлімінің бас маманы Жадыра Қажиекова қатысты.
«Мектепке жол» акциясы туралы қысқаша айтып өтсеңіз?
- Жаңа оқу жылы қарсаңында 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін ауданның барлық аймақтарында «Мектепке жол» акциясы «Бақытты балалық шақ!» ұранымен өткізіледі, бұл акцияның мақсаты аз қамтылған, көп балалы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және оларға толықтай білім алуға жағдай жасау.
Акцияны өткізудің негізгі мақсаттары – қоғам назарын балалардың негізгі орта білім алу құқығын сақтауға, өмірдің қиын жағдайына душар болған жасөспірімдер проблемасына аудару, әр баланың жағдайы үшін мүдделі құрылымдармен өзара қызмет ету.
- Былтырғы жылғы акция қалай өтті?
- Былтырғы жылы мектеп жәрмеңкелері ауданның орталық алаңдарында, ауылдық округ орталықтарында өтті. Акцияға үлес қосып ауқымды көмек көрсеткен бірқатар кәсіпкерлер мен мекеме ұжымдарын атап көрсетуге болады: М.Масалиева(16 000 тг), Г.Жуматова(30 000тг), Г.Мусина(20 000тг), А.Аққошқарова (30 000тг), А.Амреева (10 000тг), С.Мусагалиева (30 000тг), АО «Жиенбай» басшысы А.Қарағойшин(20 000тг), «Казтелеком» ұжымы -7000тг, Жалпақтал телемұнара ұжымы-7000тг, «НұрОтан» сектор меңгерушісі Ш.Сұлтангалиева-10 000тг, мектеп ұстаздары: Г.Абдрахманова (20 000тг), А.Молдашев(15 000тг) көлемінде көмектерін көрсетті. Ғ.Қараш МГ бойынша: аудандық маслихат депутаты М.Рамазанов 3 балаға – 30000 тг., БҚО санитарлық- эпидемиологиялық орталығы ұжымы 2 балаға -15 000 тг., «Арай» балабақшасы, Казпочта қызметкері З.Ғиляжова және ИП «Болашақ», «Эль - Нұр», «Леди – Лиза», «Ибатов» 35 балаға -64 000 тг. Қарасу ОЖББМ бойынша: ауыл әкімшілігі, мектеп ұжымы, кәсіпкерлер 42 балаға – 70000 тг., аудандық маслихат депутаты Е.Ғазизов 2 балаға – 25 000 тг. көлемінде көмектерін көрсетті.
- Биыл қандай өзгерістер болады?
- Биылғы өзгеріс – Қазталов ауданы әкімінің орынбасарымен бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес 6 тамыз күні жалпы аудандық үлкен шара, әр мектепке мекеме бекітіліп, жергілікті депутаттар, кәсіпкерлер және ата-аналармен біріккен жиынды салтанатты түрде өткізу, акция мақсатын кеңінен түсіндіру.
- Акция барысында қандай қиындық немесе кедергілер кездесе ме?
- Биыл бұл республикалық акция 9-шы рет өткізілейін деп отыр. 8 жылдан бері қарай тұрақты кәсіпкерлер акцияға ат салысып келеді, дегенмен «Мектепке жол» акциясымен бірге қаңтар-ақпан айларында «Қамқорлық» акциясы өткізіледі. Осыған орай, осы сәтті пайдаланып басқа да кәсіпкерлер, депутаттарды көмек беруге шақырамын. Халқымыз көмекке мұқтаж адамға көмек көрсетіп, қайырымдылық жасау, кіріптарға қайыр беру, қарттарды аялау, мүгедектерді қорғап қоршау әрбір қайырымды адамның адамгершілік борышы деп есептейді. Сондықтан да қайырымдылық істер жалғасын табады деп есептеймін.
Сондай-ақ, брифингте 1-сыныпқа арналған мектеп формасы 2015 жылы 1 552 731 теңге (653 балаға) ұтып алған кәсіпкер: қыздарға «Агнязова» ЖК, ұлдарға «Стом»ЖК, 2016 жылы 2 265 615 теңге (597 балаға) ұтып алған кәсіпкер: «Паняева ОВ» ЖК, 1 дана мектеп формасының құны 2015 жылы қыздарға -2487 теңге, ұлдарға-2289 теңге, 2016 жылы қыздарға-3795 теңге, ұлдарға-3795 теңге, оқулыққа бөлінген қаржы 2015 жылы-35 686 000 теңге, 2016 жылы-35 432 000 теңге екені де айтылды.
Брифинг соңында Қазталов ауданы әкімінің орынбасары Зәйлім Исатайқызы биыл өткізлетін «Мектепке жол» акциясына жергілікті депутаттар, кәсіпкерлер, мекеме ұжымдарды атсалысуға шақырды.
Әсем БОЛАТ
Қазталов ауданы
www.zhaikpress.kz