"Нұр Отан" партиясының Орал қалалық филиалының ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі қоғамдық кеңес және партиялық бақылау комиссиясының біріккен отырысы өтті.
Жиналысқа қалалық мәслихат депутаттары, сыбайлас жемқорлық тың алдын алу жөніндегі басқарма қызметкерлері, мемлекеттік емес ұйымдардың мүшелері, жастар бірлестіктерінің жетекшілері қатысты.
Отырыстың күн тәртібінде жергілікті атқарушы органдарда, мемлекеттік емес ұйымдарда және бұқаралық ақпарат құралдарында орын алған сыбайлас жемқорлық фактілері туралы, "Нұр Отан" партиясы мүшелерінің этика кодексі туралы мәселелер қаралды.
Нұрбек Оразаев
www.zhaikpress.kz