15.09.2016, 19:28
Оқылды: 32

Облыс бюджеті нақтыланды

%d1%81%d0%b5%d1%81%d1%81%d0%b8%d1%8fБүгін облыстық мәслихаттың кезекті VI сессиясы өтті. Оның жұмысына облыс әкімі Алтай Көлгінов қатысты.


 

Сессияның күн тәртібінде облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 14 желтоқсандағы «2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралып, депутаттар бірауыздан қолдады. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қайсар Маңқараевтың баяндауынша, 2016 жылға арналған облыстық бюджетті нақтылау 568,7 млн. теңге қаржыны бюджеттік бағдарламалардың облыстық әкімшілеріне қайта бөлу мақсатын көздейді. Соның ішінде білім беру саласына 112,2 млн. теңге, мәдениет және спорт саласына 43,3 млн. теңге, денсаулық сақтау саласына 24,4 млн. теңге  бағытталды. Сонымен қатар шығыстар Қазталов ауданындағы Нұрсай ауылын  сумен жабдықтау бойынша жұмыстарды аяқтауға 187,3 млн. теңге, Бөкей ордасы ауданындағы Сайқын, Жаңақала ауданындағы Пятимар, Жәнібек ауданындағы Жәнібек және Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылдарында су құбырын қайта құру бойынша құрылыс жұмыстарын бастауға жалпы шамасы 67 млн. теңге және Зеленов ауданы Мичурин ауылдық округінің автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеуге және күтіп-ұстауға 134,5 млн. теңге бағытталды.

Аталған өзгерістерді ескерсек, облыстық бюджет кірістер мен шығындар бойынша  132,3  млрд. теңгені құрады.

%d1%81%d0%b5%d1%81%d1%81%d0%b8%d1%8f-1Халық қалаулылары «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының БҚО бойынша іске асырылу барысы туралы» мәселе қарады. Облыстық  тілдерді дамыту бсқармасының басшысы Махамбет Ихсанғалидың айтуынша, аталмыш бағдарламаны іске асыру үш кезеңге, 2011-2013,  2014-2016, 2017-2019 жылдарға бөлінеді. Қазіргі таңда бағдарламаны жүзеге асырудың екінші кезеңі аяқталғалы отыр. Екінші кезеңге арналған бағдарламаға сәйкес өңірде бірыңғай мемлекеттік тіл саясатын жүргізу, Қазақстан халқын біріктіру факторы ретінде төзімді тілдік ортаны қалыптастыру стратегиялық бағытында көзделген мақсаттар мен міндеттер бойынша жобаланған жұмыстар, мемлекеттік тілдің қоғамдағы беделін нығайту, тарихи атауларды қалпына келтіру, облыс аумағындағы топонимикалық атауларды лексика-грамматикалық нормаларға сәйкестендіру бағытында іргелі жұмыстар атқарылды.

Алайда облыс әкімдігінің 2004 жылғы 28 сәуірдегі №125 қаулысына сәйкес облысымызда іс жүргізу 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік тілге көшірілсе де, облыстағы мемлекеттік мекемелерде іс жүргізу негізінен мемлекеттік тілде жүргізілгенімен, олардағы бухгалтерлік есеп, статистикалық және техникалық құжаттардың басым бөлігі  күні бүгінге дейін екі тілде жүргізілуде.  Басқарманың мұрындық болуымен бухгалтерлік және статистикалық есеп-қисап құжаттарының қазақша үлгілері Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментінің 1998 жылы  1 желтоқсандағы №548 бұйрығымен бекітіліп, дерекқорға екі тілде енгізілді. Аталмыш құжаттардың қазақша үлгілері кейбір мекемелерде сала мамандарының тіл біліктілігінің жеткіліксіздігіне байланысты әлі де болса қолданысқа енгізілмей отыр. Осыған орай аудандардағы мемлекеттік мекемелер мен ауылдық әкімдіктерде «Қазақстан   Республикасындағы тіл туралы» Заңының және басқа да тілдер туралы заңнамалардың сақталуын бақылаудың жаднамасы жасақталып, осы жадынама бойынша Ақжайық, Тасқала, Зеленов, Теректі, Бөрлі, Шыңғырлау, Казталов, Жаңақала аудандарына әдістемелік көмектер көрсетілген.

Мемлекеттік мекемелердің құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі 2014 жылдың қорытындысы бойынша 99,6 пайыз болса, 2015 жылда  бұл көрсеткіш 99,7%, 2016 жылдың 1 жартыжылдығының нәтижесі бойынша 99,8 пайызды құрады. Баяндамашының айтуынша, облыс бойынша мемлекеттік тілді білетін тұрғындардың үлесі бүгінгі таңда 75% құрайды.

Бағдарламадағы келесі бір маңызды бағыты – мемлекеттік тілді меңгерту. Аумақты дамыту бағдарламасындағы нысаналы индикаторлық көрсеткішке сәйкес облыс тұрғындарының 75 пайызы мемлекеттік тілді жетік меңгерген. "Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына" сәйкес бұл көрсеткішті 2020 жылға қарай 95 пайызға жеткізу мақсатында басқарма тарапынан облысымызда тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарына мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгерту курстарын ұйымдастыру мәселесі өз шешімін табуда.

2014 жылы аталмыш басқарманың 002 бюджеттік бағдарламасына 62 089,0 мың теңге бөлініп, 99,9%-ы игерілсе, 2015 жылғы жоспарлы шараларға 62 273,0 мың теңге қаралып, мақсатқа сай игерілді. Биыл облыстық тілдерді дамыту басқармасының 002 бюджеттік бағдарламасына 62 273,0 мың теңге бөлінген болса, бірінші жартыжылдықта оның  56 %-ы игерілді.

Сессияда халық қалаулылары білім басқармасының «Жәнібек колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына мемлекет және қоғам қайраткері Мұстақым Ыхсановтың есімін беру туралы ұсынысын қарап, мақұлдады. Одан басқа сессияда БҚО бойынша «Тексеру комиссиясы» ММ-не мемлекеттік аудит нысандарының 2016 жылға арналған тізбесіне «Ақжайық» футбол клбы ЖШС-ын енгізуді ұсыну туралы, «БҚО мәслихат аппараты» ММ-ның «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерініңқызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы», «Облыс әкімідігі жанындағы сәулет-қала құрылысы кеңесінің құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселелер қаралып, мақұлданды.

Сессия жұмысын облыс әкімі Алтай Көлгінов қорытындылады, бюджетті нақтылауғды қолдаған депуттарға алғысын білдіріп, алдағы уақытта да елімізді, өңірімізді дамыту жолында бірелсіп жұмыс істейтіндеріне сенім білдірді.

Облыстық мәслихаттың келесі сессиясының төрағасы болып депутат Темірғали Ескендіров сайланды.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале